Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында, 2023 жылғы 04 мамырда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қызметкерлері «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктантын жазуға қатысты. Диктант мемлекеттік тілде жазылған.
Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.