kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«2023 жылдың Үздік Маманы» аймақтық кәсіптік байқауы

2023 жылдың 28 сәуірінде Халықаралық мейірбике күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК базасында Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «2023 жылдың үздік маманы» аймақтық кәсіптік байқауы өтті. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

• «2023 жылдың үздік мейіргері»,
• «Үздік фельдшер-2023»,
• «Үздік акушер-2023»,
• «Үздік медициналық лаборант-2023».

Жарысқа Алматы қаласының мейіргерлері, акушерлері, фельдшерлері мен медициналық лаборанттары қатысып, симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттер орталығының 7 станциясында бақ сынады:

— Көктамыр инъекциясы;
— Жүрек-өкпе реанимациясы;
— Анафилактикалық шок;
— Преэклампсия;
— Естен тану;
— Иммобилизация;
— Лейкоциттер формуласы.

«2023 жылдың үздік маманы» байқауы медицина қоғамдастығында орта буын медицина қызметкері мамандығының мәртебесін көтеруге, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы кәсіби байқаулар дәстүрін жалғастыруға бағытталған.