kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Miss & Mister ВМК-2023» арулар және жігіт сұлтандарының ақтық сайысы

25.04.2023 ж. Алматы қ.  ШЖҚ «Жоғары Медициналық колледжі» КМК «Miss & Mister ВМК-2023» арулар және жігіт сұлтандарының ақтық сайысы өтті.

Бұл сайыстың бірінші кезеңіне колледждіміздің 17 ұл және 22 қызы өтінім беріп, екінші кезеңіне 10 ұл және 14 қыз өтіп, үшінші кезеңде 5 ұл және 5 қыз іріктеліп, ақтық сайыста 5 жұп өнерлерін көрсетіп, бас жүлде үшін тартысқа түсті.

«Miss & Mister ВМК-2023» байқауы келесі кезеңдерден тұрды:

  • Өзін-өзі таныстыру;
  • Шығармашылық байқау;
  • Аспаздық байқау;
  • Спорттық-күштік жарыстар;
  • Дефиле;
  • Зияткерлік байқау.

6 кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі нәтижелерді жариялады:

  • «Мисс И Мистер творчество» номинациясын Слямхан Қожахмет және Аманкосова Альбина.
  • «Мисс грация» номинациясын Байдавлетова Жансая
  • «Мисс и Мистер зрительских симпатий» номинациясын Жантемиров Бекжан және Қуат Еларан
  • «Мистер спорт» номинациясын Исақұл Саид-Ахмед марапатталса

ІІІ – орынды Алмазұлы Али және Байдавлетова Жансая,

ІІ – орынды Ашимжан Мурадил және Құмархан Жансая

І – орынды Жантемиров Бекжан және Қуат Еларан иеленсе,

Бас жүлдені Исақұл Саид-Ахмед және Даутова Диана жұбы алған болатын.

Байқау көрермендерге өте қызықты, тартысты болып өтті. Барлық қатысушыларға және көрермендерге мың алғыс!