2023 ж. 18 сәуірде Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК 1,2 курс білім алушы студенттер арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралар» тақырыбында Діни басқармасынан Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің доценті Кантарбаева Жанна Орынбасаровна қатысуымен дәріс өтті.
Дәріс барысында Дін атын жамылған, теріс пиғылдарын іске асырмақ болған экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру және алдын алу шаралары түсіндірілді. Отанымызды сүйіп, дін, өркениет, толеранттылық және болашақ жайлы дұрыс түсінік қалыптасқанда ғана біз және біздің ізбасарларымыз бірге экстремизм мен терроризмнің алдын алуымыз қажет екені айтылды.