kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Химия ғылымдарының дамуының өзекті аспектілері» атты IX – Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

15.03.2023 ж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында Д. Менделеевтің туған күніне орай «Химия ғылымдарының дамуының өзекті аспектілері» атты IX – Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты, конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
— Химия ғылымның даму теориялық негіздері;
— Химия салаларындағы ғылым мен тәжірибенің дамуы;
— Мектеп оқушыларының химия пәнінен зерттеу жұмыстары.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК атынан конференцияда Рахметжанова Рамина «МІ 22-11» және Карл Мейірім «МІ 22-5» қатысты. Студенттерінің ғылыми жетекшілері — №4 ЦӘК химия пәнінің оқытушылары Бекбатырова Г.А. және Турлубекова У.Б.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша Рахметжанова Рамина мен Карл Мейірімнің баяндамалары 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Колледж әкімшілігі біздің студенттер мен ғылыми жетекшілерді олардың еңбектерін жоғары бағалауымен құттықтайды! Сізге оқуда сәттілік, шабыт тілейміз және барлық бастамалар сәттілікпен аяқталсын!