kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Диплом тапсыру салтанаты

2023 жылдың 1 наурызында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Мейіргер ісі» мамандығының түлектеріне «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігін беру салтанатты түрде тапсырылды.

Диплом алу – әр адамның өміріндегі ең әсерлі күндердің бірі. Бүгін біз өз саласының бірінші санатты мамандарын шығарамыз! Біздің түлектеріміз денсаулық сақтау ұйымдарында бас медбике – менеджер, жетекші мамандар болып жатқанын мақтан тұтамыз.

Құрметті түлектер! Сізге табысты мансаптық өсу мен өркендеу тілейміз! Колледжіңіздің есігі сіздер үшін әрқашан ашық екенін ұмытпаңыздар!