2023 жылғы 09 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ға Орталық және Шығыс Еуропа, Орта Азия елдерінің денсаулық мәселелері жөніндегі UNICEF өңірлік кеңесшісі — Габриэль Фонтан, UNICEF өкілдері Бауржан Жусупов пен Фахриддин Низамов, патронаждың универсалды прогрессивті моделі (ПУПМ) бойынша ұлттық шебер-жаттықтырушы және UNICEF сарапшы Наталья Ким, аймақтық үйлестірушісі Гульяра Манкеева жұмыс сапарымен келді.
Күн тәртібінде жоғары медициналық колледждердің UNICEF-тің ПУПМ бағдарламаларын, балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару бойынша оқытуға қосқан үлесі мен қатысуы мәселелері болды. Қазіргі уақытта шешілмеген мәселелердің бірі — мемлекеттік тілде оқыту материалын жетілдіру, оқыту бейнероликтерін әзірлеу, медициналық колледж оқытушылары арасында жаттықтырушыларды одан әрі даярлау болып қала береді.
Мәлімет үшін: 09.01-20.01.2023 ж.бастап Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК базасында UNICEF қолдауымен Алматы қ. дағдарыстар мен төтенше жағдайларға патронаж жүйесінің дайындығына назар аудара отырып, патронаждың универсалды прогрессивті моделі бойынша жаттықтырушыларды даярлау бойынша тренинг өткізілді.
Оқу аяқталғаннан кейін медициналық ұйымдардың қызметкерлерін одан әрі оқыту мақсатында Алматы қаласы үшін патронаждың универсалды-прогрессивті моделі бойынша 22 жаттықтырушы және басқа ҚР аймақтарға үшін 13 жаттықтырушы даярланады.