kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

28.11.-03.12.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренингтер өткізілді. Циклдер мен семинар-тренингтер офлайн режимде 2022 жылдың 28 қарашадан 03 желтоқсанға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жұмысты ұйымдастыру Triage-жүйесі» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Джангазиев Шынгыс Бауыржанович);
  • «Қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудағы Triage-жүйесі» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Ледовских Роман Григорьевич);
  • «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Каримханова Акбота Токтаргазиевна);
  • «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы денсаулық сақтау  магистрі Гумарова Гульбану Гайнеденовна);
  • «Медициналық  жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович);
  • «Неонатологиядағы мейіргерлік құзыреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Божбанбаева Нишанкуль Сейтбековна);
  • «Қан айналымы жүйесінің аурулары. Жіті коронарлы синдром» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Бедельбаева Гульнар Габудалиевна);
  • «Қан айналымы жүйесінің аурулары. Жіті коронарлы синдром» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Камалова Баян Бижановна);
  • «Туберкулезге қарсы күрестегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек мейіргерінің жұмысы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна);
  • «Постковидті синдромы бар балаларды амбулаториялық оңалту» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Ажахметова Мира Зекеновна).