kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

БМСК жағдайында жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде медициналық оңалтудың инновациялық әдістері

05-09.12.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№26 Қалалық емхана» КМК базасында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық» колледжі» КМК оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «БМСК жағдайында жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде медициналық оңалтудың инновациялық әдістері» атты шеберлік сабағы өткізілді.

Контингент: жалпы практика дәрігерлері, кардиология дәрігерлері, оңалту дәрігерлері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының медбикелері.

Дәріскер: Карибаева Дина Орынбасаровна — м.ғ.к., «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» «Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің жоғары медицина мектебінің клиникалық мамандықтар кафедрасының доценті.