Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренингтер өткізілді. Циклдер мен семинар-тренингтер офлайн режимде жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (базалық деңгей)» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Каримханова Акбота Токтаргазыевна);
- «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (базалық деңгей)» (оқытушы денсаулық сақтау магистрі Гумарова Гульбану Гайнеденовна);
- «Медициналық жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович);
- «Мейіргер ісіндегі тәлімгерлік (менторлық) негіздері» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна);
- «Ана сүтімен қоректендіру бойынша кеңес және неонаталды күтім (негізгі)» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Сейсебаева Роза Жакановна);
- «Қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудағы Triage-жүйесі» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Ледовских Роман Григорьевич).