kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Таза сессия» социологиялық сауалнама

2022 ж. 29 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1-4 курс студенттері арасында «Таза сессия» социологиялық сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы комплеанс-офицер, тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі ұйымдастырды және жүргізді.

Сауалнама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шаралардың тиімділігін арттыруға, оқу орнында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған. Негізгі міндет — студенттер арасында құқықтық сананы және азаматтық ұстанымның қалыптасуы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік тәртіпті қалыптастыру, жемқорлық фактілерін анықтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Сауалнама қорытындысы сыбайлас жемқорлық жағдайының қазіргі жай-күйін көрсетті-колледжде олар қанағаттанарлық. Оқу процесінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көріну жағдайлары байқалмады. Сауалнамаларда респонденттер колледждегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоққа шығарады.