kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

14.11.-19.11.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қ. ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренингтер өткізілді. Циклдер мен семинар-тренингтер офлайн режимде 2022 жылдың 14 қарашадан 19 қарашаға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна),
  • «Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жұмысты ұйымдастыру Triage-жүйесі» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Джангазиев Шынгыс Бауыржанович),
  • «Балалардағы тыныс алу жолдарының обструктивті аурулары кезіндегі мейіргерлік тәжірибе» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Мырзабекова Гульшара Туребековна),
  • «Медициналық көмекпен көрсетуге байланысты инфекцияны бақылау және алдын алудың өзекті мәселелері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Капанова Гульнара Жамбаевна),
  • «Қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудағы Triage-жүйесі» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Ледовских Роман Григорьевич)