kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Наука в образовании» атты III Халықаралық ғылыми форумы

03-04.11.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК экология оқытушысы, экология ғылымдарының кандидаты Жанар Сарсембековна Бейсекенова, сондай-ақ «ЛД 22-3» тобының студенті Саламова Радмила «Наука в образовании» атты III Халықаралық ғылыми форумына қатысты. Форум Дүниежүзілік Ғылым күніне арналған және оны Қарағанды қаласының Орталық-Қазақстан академиясы ұйымдастырды.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Студенттік семинарының жұмысы аясында Саламова Радмила аттас тақырыпта баяндама жасап, семинар қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды!

Ж.С. Бейсекенова «Қазіргі ЖОО-да гуманитарлық ғылымдарды жаңғырту мәдениетаралық өзара іс-қимылдың негізі ретінде» атты дөңгелек үстелге қатысып, «Экологиялық ғылымдарды жаңғырту» тақырыбында баяндама жасады.

Форум қонақтарының арасында: Виктор Иванович Усиков – экология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры; Жаныл Ныгызбаевна Жунусова – заң ғылымдарының докторы, Астана қ. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Форум жұмысына 19 елдің оқу орындарының өкілдері қатысты, олардың ішінде: Германия, Польша, Латвия, Эстония, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және т.б.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі » КМК әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері атынан біз Саламова Радмила мен оның тәлімгері Жанар Сарсембековна Бейсекенованы II дәрежелі диплом алуымен құттықтаймыз! Бұл жеңіс сізді әлі күтіп тұрған көптеген жеңістердің бірі болсын!