15.11.22 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК № 2 жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Гулайым Кожанепесовна Эштаева колледж оқытушыларына ««Анатомия және физиология» пәні бойынша сабақтар өткізу кезінде 3D технологияларды пайдалану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Мастер-класстың мақсаты: жинақталған тәжірибемен алмасу және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру.
Оқыту процесіне жаңа технологияларды енгізу — оқытушы мен студенттердің өзара әрекеттесуін жеңілдетеді, бұл оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттырады. Мастер-класста «3D Anatomy Learning» анатомия атласы, сондай-ақ MozaBook (интерактивті тақталар мен проекторларға арналған бағдарламалық жасақтама) қолданылды.