Алматы қ. ҚБД ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне цикл және семинар-тренингтер өткізілді. Цикл мен семинар-тренингтер офлайн режимде 2022 жылдың 07 қарашадан 12 қарашаға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы ОӘО-ң Ана мен баланы қорғау бөлімінің меңгерушісі, денсаулық сақтау магистры Манкеева Гульяра Яслижановна);
- «Инфекциялық шұғыл жағдайларда балаларға көмек көрсетудегі мейіргерлік тәжірибе» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Умешева Кумискуль Абдуллаевна);
- «Мейіргер ісіндегі тәлімгерлік (менторлық) негіздері» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна).