kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

26.10.-01.11.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренинг өткізілді. Циклдер мен семинар-тренинг офлайн режимде 2022 жылдың 26 қазанынан 01 қарашасына дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Спецификалық және спецификалық емес туберкулезді алдын алу. Манту 2 ТЕ мен туберкулезді рекомбинантты аллергенді (ТРА) тері ішігіне егу жасау техникасы, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна);
  • «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы медицина ғылымының докторы Мырзабекова Гульшара Туребековна);
  • «Ана сүтімен қоректендіру бойынша кеңес және неонаталды күтім (негізгі)» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Сейсебаева Роза Жакановна);
  • «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна).