kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Функционирование испытательных лабораторий в свете реализации требований ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 на примере деятельности лаборатории по контролю качества лекарственных средств» семинары

2022 ж. 02 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында біздің колледждің «Фармация» бөлімінің 2 курс студенттері, сондай-ақ оқытушылар М.С. Карбаева, Т.В. Кленина және С.Н. Ветлугина «Функционирование испытательных лабораторий в свете реализации требований ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 на примере деятельности лаборатории по контролю качества лекарственных средств» семинарына қатысты.

Семинарды С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы ұйымдастырды

Дәріскер Тернинко Инна Ивановна — ф.ғ.д., фармацевтикалық химия кафедрасының профессоры, РФ ДСМ Санкт-Петербург Мемлекеттік Химия-фармацевтикалық университетінің дәрілік заттардың сапасын бақылау орталығының сынақ зертханасының бастығы, Росаккредиттеудің техникалық сарапшысы.

Семинарда дәрілік заттардың сапасын бақылаудың өзекті мәселелері, олардың қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкестігі туралы айтылды. Тақырыпты талқылауға келесі мамандар қатысты:

  • ҚР Фармакопея комитетінің төрағасы А.У. Тулегенова;
  • Фармация мектебінің деканы З.Б. Сакипова;
  • «Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ бақылау- аналитикалық зертханасының меңгерушісі Б. Мыңбаев;
  • Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниялардың басшылары, сынақ зертханаларының басшылары мен қызметкерлері.