Алматы қ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренинг өткізілді. Циклдер мен семинар-тренинг офлайн режимде 2022 жылдың 17 қазанынан 22 қазанға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Онкологиялық науқастарға үйдегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыру. БМСК жағдайында паллиативтік көмек көрсету» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Ужегова Елена Борисовна);
- «Ана сүтімен қоректендіру бойынша кеңес және неонаталды күтім (негізгі)» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Сейсебаева Роза Жакановна);
- «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (базалық деңгей)» (оқытушы медицина ғылымының докторы Мырзабекова Гульшара Туребековна)