kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Біздің студент «Ізденімпаз студент» номинациясын жеңіп алды!

2022 жылдың 28 қазанында Алматы Мемлекеттік Жаңа Технологиялар Колледжінің базасында «Тіл – халық қазынасы» қалалық байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға Алматы қаласының 19 колледжінің студенттері қатысты. Біздің колледжд атынан «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенті Калашникова Екатерина ұсынылып, қажырлы еңбек пен білімге ұмтылу нәтижесінде «Ізденімпаз студент» номинациясын жеңіп алды!

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері атынан Екатерина Калашникова мен оның тәлімгері – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айгүл Серікболқызы Қонақбаеваны лайықты жеңісімен құттықтаймыз!