07.10.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да Медеу ауданының прокуратура бөлімінің прокурорлары Марат Олжас және Шәріпбаев Райымбекпен «Онлайн алаяқтық әрекеттер мен қылмыстар туралы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Студенттермен кездесуде кибералаяқтықтың түрлері, қылмыскерлер әрекетінің қылмыстық тетіктері туралы кеңінен айтылып өтті. Сондай-ақ студенттерге олардың атына шығарылған банк карталарын сату қаупі туралы ескертілді. Жиын барысында алаяқтықтың нақты фактілері туралы ақпараттар айтылды.