kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мониторинг және талдау орталығы» діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» студенттер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді.

Дәріс беруші Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия ғылымдарының докторы, профессор, “Дінтану және мәдениеттану” кафедрасының оқытушысы — Борбасова Қарлығаш Молдагалиевна болды.

Дәріс барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың байланысы туралы айтылды.

Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің, оның ішінде құқықтық сананы, отбасы мен қоғамда толерантты дәстүрлерді орнатудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың жалпы саны 980 адамды құрады.