kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

22.09.2022 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында meet-up форматында іс-шара ұйымдастырылды. Кездесуге Алматы қаласының маслихат депутаты @doctor_bolat_almaty Садыков Болат Нұрмырзаұлы, «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы @azhimanov_azat Ажиманов Азат Әлімханұлы қатысты.

Іс-шараны аша отырып, колледж директоры Лязат Мейрашевна Актаева жиынға қатысушыларды таныстырып, ауданымыздың бас дәрігері Болат Нұрмырзаұлына сөз берді.

Өз кезегінде депутат Денсаулық сақтау саласына жеке тоқталып, бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдіруі жайлы, медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникаларының ашылуын, алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейетінін атап өтті. Сонымен қатар, жастардың әл-ауқатын арттырудың, білім алушыларды әлеуметтік қолдауды жаңғыртудың, білім беруді одан әрі дамытудың өзекті мәселелеріне шолу жасады.

Кездесуде жастар тарапы да аталмыш жиынға қызығушылықтарын танытып, пікір бөлісті. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының барлық бастамаларын белсенді түрде талқылап, еліміздің өскелең ұрпағын әлеуметтік қолдауын, білім беру саласын жақсарту және де жас мамандарды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.