kkru
acollege@yandex.kz +7 (727) 387-10-11

Білім күнімен құттықтау!

Қымбатты студенттер! Ұжым атынан және жеке өз атымнан сіздерді Білім күнімен және Жаңа Оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бірінші кезекте біз бірінші курс студенттерімізді құттықтаймыз! 40 жылдан астам тарихы бар оқу орнын таңдап, сіз өзіңіздің болашағыңыздың іргетасына алғашқы кірпішті қаладыңыз. Біздің колледжде сіздер жаңа достар, ақылды және тәжірибелі тәлімгерлер таба аласыз. Сіздерді кәсіби маман болуда қызықты жол күтуде. Жаңа тәуелсіз өмірде сәттілік тілейміз!

Жоғары курс студенттеріне оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде одан биік жетістіктер тілейміз. Сіздердiң қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадалардағы марапаттарыңыз бен жеңістеріңіз бүкіл Колледж үшін мақтаныш болып табылады!

Сонымен қатар, оқытушылар құрамы мен колледж қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға шексіз шабыт, ең батыл жобаларды жүзеге асыру үшін күш-жігер мен мықты денсаулық тілеймін! Сіздің күнделікті еңбегіңіз бен жоғары кәсіпқойлығыңыз – білім сапасының кепілі!

Актаева Лязат Мейрашевна – Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директоры