kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

04.07.-19.07.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренинг өткізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 04 шілдесінен 19 шілдеге дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Нәтижелі перинаталды күтім» (оқытушылар акушер-гинеколог PHD-і Алтынбаева Гульмира Бекназаровна және акушер-гинеколог, Медицина магистры Султанай Кербез Сұлтанайқызы);
  • «Медициналық ұйымдардағы қақтығыстарды басқару» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Цой Марина Вячеславовна);
  • «Практикалық денсаулық сақтаудағы дәрілік заттардың менеджменті» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Ералиева Бибихан Абделиевна);
  • «Қан айналымы жүйесінің аурулары. Амбулаторлық-емханалық деңгейде ЖКС кезеңінде медициналық көмек көрсету» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Бедельбаева Гульнар Габдуалиевна);
  • «COVID-19 жағдайындағы хирургиялық тәжірибедегі мейіргерлік құзіреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Медеубеков Улугбек Шалкарович);
  • Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы денсаулық сақтау магистры, жаттықтырушы Гумарова Гульбану Гайнеденовна);
  • «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна);
  • «Мейіргер ісіндегі тәлімгерлік (менторлық) негіздері» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна);
  • «ЖКС, ЖИА және жұқпалы емес аурулардағы мейіргерлік тәжірибе» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна);
  • «Медициналық  жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович).