Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өткізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 27 маусымынан 02 шілдеге дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «ЖКС, ЖИА және жұқпалы емес аурулардағы мейіргерлік тәжірибе» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ужегова Елена Борисовна),
- «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы медицина ғылымының докторы Мырзабекова Гульшара Туребековна),
- «Неонатологиядағы мейіргерлік құзыреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Божбанбаева Нишанкуль Сейтбековна).