kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

13.06.-18.06.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 13 маусымынан 18 маусымға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Туберкулезге қарсы күрестегі БМСК мейіргерінің жұмысы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна),
  • «Ерте жастағы балалардың скринингі» (оқытушы денсаулық сақтау магистры, жаттықтырушы Гумарова Гульбану Гайнеденовна),
  • «Мейіргер ісіндегі көшбасшылық» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна),
  • «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығының бұзылуының алдын алу: себептері, психикалық гигиена және психологиялық көмек көрсету әдістері» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Сатыбалдина Майра Бирляновна),
  • «Хирургиялық тәжірибедегі мейіргерлік құзіреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Даукенова Карлыгаш Абдыкалыковна),
  • «Жүктілік және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қауіпті белгілер» (оқытушы «Медицина» мамандығының магистры Баймусанова Гульдана Нурбековна),
  • «Жүктілікті көтере алмау, жүктілікке алдын ала дайындалу» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Кошкимбаева Гаухар Джакашевна),
  • «Кәсіби міндеттерді орындауда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Матюнина Ольга Владимировна),
  • «Диагностика сұрақтары мен көмейдің стенозы бар балаларды емдеу» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Тогузбаева Динара Еркеновна).