kkru
acollege@yandex.kz +7 (727) 387-10-11

Ашық есік күні

2022 жылдың 30 сәуірінде Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Ашық есік күні өтті! Шара жалпы білім беретін мектептердің оқушылары – 2022 жылғы талапкерлер үшін ұйымдастырылды.

Қонақтарымызға колледждің оқу бағдарламалары ұсынылды, сонымен қатар материалдық-техникалық базасы – анатомия мұражайы, симуляциялық технологиялар және кәсіптік құзыреттер орталығының барлық қажетті оқу-әдістемелік құрал-жабдықтармен, фантомдармен жабдықталған оқу кабинеттері көрсетілді. имитациялық оқытуға және болашақ фельдшерлік қызметкерлердің практикалық дағдыларын дамытуға арналған муляждар, тренажерлар және басқа да техникалық құралдар.

Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 20 маусымында, ал мамандардың кеңесі 1 маусымда басталады.