kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Паллиативтік көмек» семинары

2022 жылдың 22 сәуірінде Оқу-әдістемелік орталығымен онлайн/оффлайн режимінде, ZOOM платформасында тегін «Паллиативтік көмек» семинары ұйымдастырылды.

Семинардың оқытушылары:
— Г.Ж. Кунирова — Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының президенті, IAHPC Хоспис және паллиативтік көмек халықаралық қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі,
— Т.П. Острецова — «Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығы» Ақтөбе қалалық филиалының директоры, М. Оспанов атындағы Медициналық Университет отбасылық медицина кафедра доценті м.ғ.к.,
— Т.Н. Ансатбаева — Алматы қаласы онкологиялық орталығы, онкологиялық науқастарға паллиативті көмек беру мобильді топ дәрігері, медицина «С.Ж.Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті» phd докторанты.

Семинарда қарастырылған тақырыптар: Қазахстандағы Паллиативті көмек. Нормативтік-құқықтық базадағы жаңалықтар, паллиативтік көмек негіздері. Паллиативтік көмек ұжымдағы медбикенің рөлі. Шынайы өмірде бұл жұмыс қалай атқарылады? Алматылық мобильді топтың тәжірибесі. Семинар Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық Сақтау министрлігінің орта медицина қызметкерлеріне арналған.