Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 04 сәуірінен 09 сәуірге дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Ерте жастағы балалардың скринингі» (оқытушы симуляциялық оқыту бойынша бас маман, жаттықтырушы Гумарова Гульбану Гайнеденовна);
- «Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету, сұрыптау-қалта анықтамасы ДДҰ/БҰҰБҚ» (оқытушы ОӘО-ң Ана мен баланы қорғау бөлімінің меңгерушісі Манкеева Гульяра Яслижановна);
- «Медициналық жедел жәрдем қызметінің мамандарына арналған шұғыл педиатрия» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна);
- «Медициналық жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович);
- «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушысы медицина ғылымының магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна).