kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ғылыми жәрмеңке

2022 жылдың 6 сәуірінде Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғарғы медициналық колледж» КМК “Тәрбие және әлеуметтік жұмыс” бөлімі, Студенттік кеңестің “Ғылыми-зерттеу” бөлімінің ішіндегі “Анатомия”, “Дебат”, “Әлем тілдері”, “Психология” клубтарының ұйымдастыруымен “Ғылыми жәрмеңке” тақырыбында колледжішілік жоба өтті.

Мақсаты: “Ғылыми жәрмеңке” жобасы арқылы студенттерді ғылыми жұмыс жағынан дамыту және медицинаның қыр сырын таныту, ғылымға қызықтыру болып табылады.

Жәрмеңкеде адам денесінің түрлі мүшелерінің соның ішінде: бүйрек, ми, бас сүйегі, қан-тамырлар жүйесі, өкпе, бауыр сияқты макеттері қойылды. Онымен қоса, психологиялық суреттер ілінді. Шара барысында әр макетті спикер-студенттер таныстырып, жеке-жеке тоқталды.

Атсалысқан барша студенттерге, тамашалауға келген қонақтарымызға алғыс білдіреміз! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін, біздің дарындылар!💐