Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 28 ақпанынан 15 наурызына дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Медициналық жедел жәрдем қызметі дәрігерінің жұмысындағы клиникалық хаттамалар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна);
- «БМСК фельдшері тәжірибесіндегі электрокардиография» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович);
- «Дәрігерден мейіргерге өкілеттіктерді беру. Өзіндік қабылдауды ұйымдастыру» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Абабкова Майя Александровна);
- «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы симуляциялық оқыту бойынша бас маман, жаттықтырушы Гумарова Гульбану Гайнеденовна);
- «Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету, сұрыптау-қалта анықтамасы ДДҰ/БҰҰБҚ» (оқытушы Оқу-әдістемелік орталықтың Ана мен баланы қорғау бөлімінің меңгерушісі Манкеева Гульяра Яслижановна);
- «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы медицина ғылымының магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна);
- «COVID-19 эпидемиясы кезіндегі БМСК медбикесінің жұмысы» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна);
- «Жыныстық жетілу кезіндегі етеккір циклінің бұзылуы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Кошкимбаева Гаухар Джакашевна).