Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК, «Алматы қаласының Білім басқармасы» КММ республиканың жетекші жоғары медициналық оқу орындарының бірі – «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КЕАҚ-пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.
Меморандумның негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша бірлескен жұмыс болып табылады.
Меморандум аясында келесі іс-шараларды жоспарлады:
- педагогикалық тәжірибемен алмасу, бірлескен жобалар мен ғылыми зерттеулер жүргізу;
- бірлескен ашық сабақтар, мастер-кластар, конференциялар, кәсіби шеберлік чемпионаттарын, оның ішінде WorldSkills чемпионаттарын және т. б. өткізу.
Бұл Меморандум оқу орындарының студенттерін даярлаудың бүкіл процесіне оң әсерін тигізетіні және профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.