Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурыз сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, халықты құлақтандыру және хабардар ету – тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.
Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.
«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек”, – деді министрлікте.