kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Сара Назарбаеваның туған күніне арналған «Махаббат үшін өмір» тақырыбында ашық сабағы

11.02.2022 ж. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Бейсекенова Жанар Сәрсембекқызы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған «Махаббат үшін өмір» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;
  • Өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға, табиғатқа көмек көрсетуге тәрбиелеу;
  • Шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту.

Сабақ барысында үш топ арасында Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу, Отан туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу, еркін тақырыпқа өлеңдер оқудан сайыс өткізілді.