kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдеби патриоттық кеші

2022 жылдың 10 ақпаны Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” КМК барша білім алушыларының қатысуымен және «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен 9 ақпан – ақиық ақын, поэзияның Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдеби патриоттық кеші өтті.

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ғасыр қаламгері.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында елге, жерге, адамға, ұлтқа деген махаббаты, санасында патриоттық сезімді ояту.

Қатысқан барша білімгерлерге алғыс білдіре келе жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!