kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ақтаева Лязат Мейрашқызы – директорының м.а.

02.02.2022 Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы – Табынбаев Нариман Болтайұлы Алматы қ. Алматы қ. ҚДБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-да болды. Сапар барысында Нариман Болтайұлы колледждің қызметімен танысып, материалдық-техникалық инфрақұрылымына, атап айтқанда, түрлі медициналық манипуляцияларды орындауға және практикалық дағдыларды дамытуға қолданылатын Симуляциялық технологиялар мен кәсіби құзыреттер орталығының жабдықталуына баға берді.

Кездесу аясында колледж ұжымына Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК жаңа директорының міндетін атқарушы – Ақтаева Лязат Мейрашқызы таныстырылды. Лязат Мейрашқызы колледждің әкімшілік-басқару ұжымымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, оқу орнын дамыту жоспарлары мен орта медициналық кадрларды даярлау жүйесінің даму тенденцияларын талқылады.