kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Халықаралық «Ақ таяқ» күні

Ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-де көзі көрмейтін және нашар көретін білім алушыларға арналған, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Зағиптар әлеміне көз салайық» атты акция аясында, «Ақ таяқ» күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Зағип жандар мерекелік іс-шарада инклюзивті оқуға мүмкіндік бергендігі үшін арнайы алғыстарын білім беру мекемесінің ұстаздарына білдіріп, концерттік бағдарламамен келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Жылы лебізге толы шара көп жүректі тебіренткеніне біз кәміл сенеміз!