kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Өзін-өзі басқару күні

Құрметті студенттер! Сіздерді келіп жеткен 17 қараша халықаралық студенттер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Студенттік өмір адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Күнтізбеде белгіленген осы бір мереке әлемнің түкпір-түкпірінде атап өтілетін қайталанбас күн болып табылады.

Осы күні Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК белсенді білім алушыларының қатысуымен «Өзін-өзі басқару» күні болып белгіленіп, әкімшілік жұмыстарды атқарып өтті. Бұл шара студенттерге жауапкершілікті сезіндіре отырып, білім алу процесінің маңыздылығын көрсетті.

Барлықтарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас талап-жігер, сарқылмас өмірлік қуат пен амандықты, ең батыл жоспарлар мен табысты ойлардың жүзеге асуын тілейміз!