kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті»

2021 жылдың 09-12 қарашасы аралығында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК белсенді білім алушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты — жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын ілгерілету және қолдау. Қоғамның барлық күш — жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану. Эссе байқауына колледж студенттері белсенді қатысты. Жалпы эсселер саны: 53. Қазақ тілінде — 25 , орыс тілінде — 28. Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалады. Үздік болып таңылған эссе жұмыстарының авторлары І, ІІ, ІІІ -дәрежелі дипломдармен тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай желтоқсанда марапатталады.

Қатысқан барша студенттерге алғыс білдіре келе, жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!