05.11.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК 2021-2022 оқу жылында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастарды адалдыққа, парасаттылыққа бағыттау үшін колледж студенттері арасында онлайн-әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға колледждегі 1180 студент қатысты. Олардың 827 қазақ тілінде, 353 орыс тілінде жасырын сауалмадан өтті.
Бұл сауалнаманы алудың негізгі мақсаты: білім алушылардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; колледжішілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы білім алушылар ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру; жемқорлықты жою жолында заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту болып табылады.
Алынған ақпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әркеттерді, жұмыстарды жандандыру үшін қолданылып, өз құпиялылығын сақтайды.