kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жастар есірткіге қарсы!» акциясы

2021 жылдың 3 қарашасы күні Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК «Жас Отан» ұйымының белсенді қатысушыларының қатысуымен “Салауатты өмір сүру” жобасы аясында «Жастар есірткіге қарсы!» акциясы өтті. Іс-шара мақсаты – қала көшелеріндегі есірткі жарнамасының санын азайту, үй қабырғаларындағы граффитилерді өшіру болды.

Сонымен қатар, акцияға Медеу аудандық полиция қызметкерлері мен аудандық әкімшілік қызметкерлері қолдау көрсетті.

Жасотандық білім алушыларымыз жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырады!