27-28 қыркүйекте Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-де «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша Worldskillss Almaty 2021 аймақтық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Алматы қаласының бес колледжінің студенттері қатысты:
– «Аяжан» медициналық колледжі – Аксауле Онгдасынкызы Мухамбет;
– «Интердент» жоғары медициналық колледжі – Наргиля Шамильевна Чедлидзе;
– «РЖМК» жоғары медициналық колледжі – Мақпал Бектұрсын;
– «Эмили» медициналық колледжі – Елдана Төрехан;
– Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК – Самал Аскарқызы Рысқұл.
Қатысушылардың кәсіби дағдыларын компатриот – сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылар, оның ішінде колледж оқытушылары мен денсаулық сақтау мекемелерінің бас медбикелері бағалады. Тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларды көрсету модульдерде өтті: күндізгі күтім, үйде күтім, стационарлық көмек.
Екі күндік конкурс нәтижесі бойынша:
1 орынды Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенті Самал Аскарқызы Рысқұл иеленді;
2 орын – «РЖМК» жоғары медициналық колледжі, Мақпал Бектұрсын;
3 орын – «Интердент» жоғары медициналық колледжі, Наргиля Шамильевна Чедлидзе. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жеңімпазға республикалық чемпионатта сәттілік тілейміз!