27-28 қыркүйекте Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-де «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша Worldskillss Almaty 2021 аймақтық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Алматы қаласының бес колледжінің студенттері қатысты:
— «Аяжан» медициналық колледжі — Аксауле Онгдасынкызы Мухамбет;
— «Интердент» жоғары медициналық колледжі — Наргиля Шамильевна Чедлидзе;
— «РЖМК» жоғары медициналық колледжі — Мақпал Бектұрсын;
— «Эмили» медициналық колледжі — Елдана Төрехан;
— Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК — Самал Аскарқызы Рысқұл.
Қатысушылардың кәсіби дағдыларын компатриот — сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылар, оның ішінде колледж оқытушылары мен денсаулық сақтау мекемелерінің бас медбикелері бағалады. Тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларды көрсету модульдерде өтті: күндізгі күтім, үйде күтім, стационарлық көмек.
Екі күндік конкурс нәтижесі бойынша:
1 орынды Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенті Самал Аскарқызы Рысқұл иеленді;
2 орын — «РЖМК» жоғары медициналық колледжі, Мақпал Бектұрсын;
3 орын — «Интердент» жоғары медициналық колледжі, Наргиля Шамильевна Чедлидзе. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жеңімпазға республикалық чемпионатта сәттілік тілейміз!