Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұжымы Сіздерді біздің мемлекетіміздің ерекше мерекесі — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!
Конституция — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі, әрбір азамат құқығының кепілі.
Конституция егемендіктің кепілі ретінде халықты біріктірді, жасампаздықтың символына, Республикамыздың ұлы жетістіктерінің бастауы болды. Конституцияда еліміздің Негізгі Заңының бастамашысы және идеялық шабыт берушісіне айналған Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев белгілеген мемлекет қызметінің ортақ құндылықтары мен басты қағидаттары осының маңызды шарты болды.