Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31.05.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Елбасымыз 1997 жылы 31 мамырды «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жарлыққа қол қойған болатын. Тәрбие сағаты студенттерді жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру мақсатында өтті.

31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі.

Мақсаты: Біздің оқырмандарымызға Қазақ тарихындағы қаралы жылдардың бірі 30-шы жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін зұлмат жылдардың зардабы мен салдарын жас ұрпақ ұмытпауы керек. 1997 жыл- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Біздің елімізде 140 мыңға жуық адам жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырап, лагерлерьге айдалды, 25 мың адам атылып кетті. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

Осы кездегі КСРО-ның ресми билігі мен тарих ғылымы ашаршылық мәселесін жарты ғасырдан астам уақыт жасырып келді . Бүгінгі біздің онлайн кітап көрмесінде осы тарихы деректі оқиғалар туралы кітаптардан кітап көрмесін ұйымдастырылып, осы қиын кездердегі оқиғалар туралы оқып, тереңірек білсе деп ойлаймыз.

Онлайн кітап көрмесіне «Ашаршылық» туралы 12 кітап, «Ұлы тұлғалар» сериасынан 6 кітап және көрмеге байланысты кітаптар газет журналдардан мағлұматтар көрмеге  қойылды. Жалпы 25 кітап қойылды. Кітаптарды колледж кітапханасынан және adebiportal.kz/asharshilik_turali_12_kitap_3608 сайтынан оқи аласыздар.