02.03.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 1 курс 20-04 «Мейіргер ісі» тобының ұйымдастыруымен «Ту, Елтаңба, Әнұран тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. «Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз. Бұл — баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі», — деген еді Президент. Осыған орай өткізіліп отырған тәрбие сағатының мақсаты жас ұрпаққа тәуелсіздіктің оңай келмегендігін, оның қаншалықты қастерлі де қасиетті ұғым екенін түсіндіру.