2021 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК 1-4 курс білім алушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — халықаралық проблема», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында қоғамның діліндегі өзгерістерге қалай қол жеткізуге болады?», «Сыбайлас жемқорлық — Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыптарында кураторлық сағаттары өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын ілгерілету және қолдау. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану. Барша студенттерге алғыс білдіре келе, жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!