20.05.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында ТжӘЖ жетекшісі Каштаева Ш.Е. «Sanaly Urpaq» клубының атқарған жұмысы туралы есеп берді, сондай-ақ студенттік клубтың белсенділерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: білім алушылардың «әділеттілік» және «әділетсіздік» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
«Sanaly Urpaq» студенттік клубының жұмысы Қазақстан Республикасындағы білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін (парасаттылығын) қалыптастыру әдістемесіне негізделген, оның авторы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Sanaly Urpaq» студенттік клубы болашақта да өнімді жұмыс нәтижелерін көрсетуге ниетті.