kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

14.05.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 40 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның мақсаты: Оқытушылардың, денсаулық сақтау қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби қарым-қатынас алаңын құру. Инновациялық білім беру технологияларын ашу, кәсіби құзыретті маманның сапасын арттыруға бағытталған практикалық сабақтың рөлін күшейту.

«Мейіргерлік білім беру мен практиканы дамытудың заманауи мәселелері мен перспективалық бағыттары» тақырыбында өткізілген конференцияға 200-ден астам қатысушы және шет ел мемлекеттерінің өкілдері қатысты.
Конференция барысында қоғамдық денсаулық Басқармасының басшысы- Табынбаев Нариман Болтаевич құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара қатысушылары өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қатысушылар арасында заманауи кәсіби білім берудің тиімділігін арттыру, денсаулық сақтаудағы мейірбикенің рөлі туралы сындарлы диалог болды.