29.04.2021 ж Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білімгерлерімен «Ата-анаға қамқорлық жасау — адамның жоғары мәдениетінің белгісі» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Ұйымдастырушылар: Тәрбие және әлеуметтік бөлімінің жетекшісі Каштаева Шолпан Елемесовна, әлеуметтік педагог Бейсембаева Шынар Кумарбековна, колледж психологы Сыдыкова Галия Нуракыновна.
Іс-шараның мақсаты:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ата-ана алдындағы ідептілік — баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау — елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу. «Ата-анаға қамқорлық жасау — адамның жоғары мәдениетінің белгісі» туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау болып табылады.